«Рика» телеарнасына — 30 жыл

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин«Рика ТВ»телеарнасына барып, ұжымды 30 жылдығымен және БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады. Кездесуге «Рика» медиа-холдингінің құрамына кіретін «Эврика» газеті мен «Ақтөбе радионың» ұжымы да қатысты. Өңір басшысы оларға шығармашылық табыс пен одан әрі өркендеуін тіледі.​ Аталған БАҚ-тың 18 қызметкеріне облыс және қала әкімдерінің Алғыс хаттары табыс етілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.